Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне қарашада көшетін болды. Осыған дейін біресе шілде, біресе тамыз айына ысырылған бұл бағыттағы жұмыстар тағы да кешеуілдеп отыр.

Осы мәселеге қатысты бүгін журналистермен арнайы брифинг өткізген қала әкімінің орынбасары электронды төлемнің кейінге шегеріліп отыған себебін түсіндірді. Мақсұт Исақовтың сөзіне қарағанда, бұл жұмыстарды дер кезінде атқаруға елдегі карантин шектеулері себеп болған.

Қаладағы автобустардың дені газбен жүреді. Ал шаһарда қоғамдық көліктерге газ толтыратын бір ғана орын бар екен.

Мақсұт ИСАҚОВ, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары : «Қазтрансгаз» мекемесімен тиісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жер де бөліп қойдық. Насын қазан-қааша айлайырнда дайын болады.

Мақпал Рысбаева