Шымкенттегі ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

198
ХҚКО

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының  жұмыс кестесі өзгерді. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдап отыр.

Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайдын болды. Сенбі – демалыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет. Сондай-ақ, ХҚО басшылығы жергілікті тұрғындардан мекемеге барған кезде қашықтықты сақтауды сұрап, медициналық маскаларды тағуды талап етеді.

Мөлдір Бекеева