Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған леңгірліктерге жаңа үй салынды

192

Леңгірдегі Алатау шағын ауданында тоғыз жаңа үйде әрлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жақын жерде ағаштар мен бояудың иісі мүнкіп тұр. Онда жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың дыбыстары естіледі. Бұл үйлер тұрғын үйсіз қалған отбасыларға арналған.

Әр үйге ауданы 10 сотық жер тиесілі
«Біз осы Алатау шағын ауданында 9 отбасыға жер телімін ұсындық. Себебі, оларда өте кішкентай учаскелер болған және онда үй салу мүмкіндігі болмаған, сондықтан олардың келісімімен біз қазір осында салып жатырмыз», – дейді қала әкімінің орынбасары Коспай Қожанов.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 13 мамырында Леңгерді қатты селдің салдарынан су басып, үйлерді қиратқан еді. Салдарынан 42 отбасын баспанасынан айырылды: олардың 13 – і Леңгір қаласында, 28 – і Киелі таста, біреуі Бірінші мамырда.
Алатау шағын ауданында 9 отбасы үшін жаңа үйлер бой көтерсе, қалғандарына бұрыңғы орнына салып берген.Тамыз айының соңында үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Зардап шеккендерге тұрғын үй тегін беріледі.