Бүгінде есепте тұрған сотталғандар арасында түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Жуырда Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аудандық, қалалық пробация қызметіндегі есепте тұрған сотталғандар арасында «Террористік сипаттағы анонимдік, оның ішінде Интернет арналары арқылы келіп түсетін хабарламаларға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіру» мәселесі бойынша Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді.
Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Сакен Қожамұратов, Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаларды жүзеге асыруға жол бермеу және оларды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірме жүргізді.
Сәкен Қожамұратов, ТО Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі: «2018 жылы Қылмыстық кодексінің 273 бабының (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) санкциясына енгізілген өзгертулерге сәйкес кінәлі адамдарға қазіргі уақытта бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жаза қолданылады және оларға қатысты пробациялық бақылау орнатылады».
Қазіргі таңда осы бағыт бойынша жергілікті пробация қызметтері бақылауындағы сотталғандарға полиция бөлімдерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.