Дүйсенбіден бастап қаланың 5 бөлігіне орнатылған «Turkistan bike» станциялары қайта іске қосылады. Келбеті көркейген көне шаһарды таза ауада серуендеп көремін десеңіз, ол үшін карта немесе ID-кодты Әмір Темір көшесі бойындағы пирамида іспетті полиция пунктіндегі мекенжай бойынша бөлімшеден ала аласыз. Айлық абонемент құны 500 теңге.

Жалдау құны:
– 0-30 минут дейін – тегін;
– 31-60 минут дейін – 100 теңге;
– 61-120 минут (2 сағатқа дейін) – 250 теңге;
– 121-180 минут (3 сағатқа дейін) – 500 теңге;
– 181 минуттан бастап әр келесі пайдалану сағаты – 1000 теңгені құрайды.

Ақшаңыз таусылған бойда маманмен тілдесіп, ақысын төлеп, толтырып алуға болады. Жалпы, қала бойынша 5 тұрақта 80 тіркеу орны мен 40 велосипед қойылған. Велобекеттер мен сату бөлімі дүйсенбі, яғни 3 тамыздан бастап іске қосылады.

Тұрақтар: Гүлдер саябағында, Н. Назарбаев аллеясында (Пирамида іспетті полиция пунктінің жаны), Әуенді субұрқақ маңында, Түркі бағында және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ жанында орналасқан.