Түркістан облысында бұршақ жауады

169

Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін Шымкентте  күннің екінші жартысында  көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай, дауыл болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +28 градус, түнде сынап бағанасы +18-+20 гардус жылылықты көрсетеді. Алдағы  күндері, 26, 27-ші  тамызда  осындай ауа райы сақталады,- дейді сала мамандары.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Түркістан облысы аумағында алдағы күндері, 25,26,27 тамызда  жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні  секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.  Күндіз ауа температурасы +27-+30 градус , түнде +18-+23 градусқа дейін төмендейді. Кейбір жерлерде найзағай болады.

Шынар Оразова