Түркістан облысында қырым қанды безгегімен бір науқас тіркелді

176

 

Төтенше жағдай жарияланғалы Шымкентте жұмыссыз режимді бұзғандарға 10 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін қаладағы санитарлық ақуал баяндалған брифингте айтылды. Айтуларынша, осы аралықта 200-ге жуық ортақ ережеге бағынбау дерегі тіркелген.

Полицейлер, санитар дәрігерлер мен әкімдік өкілдерінен құралған мониторингтік топ Шымкенттегі санитарлық ақуалды бақылау үшін күн сайын арнайы рейдке шығады. Төтенше жағдай жарияланғалы Шымкентте ережелерді бұзудың 187 дерегі тіркелген.

Ортақ тәртіпті елемегендердерге 10 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Әкімшілік жазаға тартылғандардың арасында шектеулерге шекеден қараған 7 кәсіпкер бар.

Ғалымжан ӘБІШЕВ, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Өз нысандарын сантитайзерлермен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеуі, жұмыс режимін бұзуы сияқты фактілер көп тіркелді».

«Бір инфекция өзге инфекцияны жеп қойды». Инфекционист -дәрігерлердің арасында осындай түсінік бар. Коронавирус індеті дендегелі қалада өзге жұқпалы аурулардың бәсеңдегені байқалыпты.

Биылдыққа тырысқақ, құтыру, дифтерия, сальмонеллез аурулары тіркелмеген. Жылда осы уақытта бруцелез бен минингит аурулары ушығып, халықтан да, ақ халаттылардан да маза қашатын. Биыл бұл сырқаттардың төмендегені байқалады. Есесіне қырым қанды безгегі тыйылмай тұр дейді салаға жауаптылар.

Ғалымжан ӘБІШЕВ, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Өткен апта да бір науқас қырым қанды безгегімен тіркелді. Ол Түркістан облысында егіншілікпен айналысқан. Айта кетейік, Шымкентте КОВИД жұқтырғандар қатары бүгінгі таңда 4980-ге жеткен. Өткен тәуліктің өзінде 31 адам қауіпті инфекцияны жұқтырған. Қазір ауруханада 1827 науқас емделуде».

Мақпал РЫСБАЕВА