Түркістанда аурушаңдық көрсеткіші төмендеп келеді

255

 

Түркістан облысының Созақ, Төлеби, Бәйдібек, Сайрам, Ордабасы, Шардара аудандары мен Мақтаарал ауданы, Мырзакент елді мекенінінің және Леңгір қаласының провизорлық госпиталдерінен пневмонияға шалдыққан барлық науқастар жазылып шықты.

Қазір бұл емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр. Індет өрши түскенде қосымша провизорлық госпитальдары ашылған облыстық балалар ауруханасы мен тері-венерологиялық орталығы мен перзентхаларда да қазір пневмониямен ем қабылдап жатқан науқастар жоқ.

Ресми мәліметке сенсек, инфекциялық және провизорлық төсек-орындардың 70 пайыздан астамы бос. Бүгінде аймақта аурушаңдық төмендеп келеді.

Мақпал Рысбаева