Түркістанда халық жобасы бойынша гүлзар салынуда

279

Түркістан қаласындағы Әл Фараби көшесінде жалпы жер көлемі 0,56 га құрайтын сквер салынуда. Мұнда 7200 ш.м газон, 25 дана ағаш пен 1300 ш.м гүлдер отырғызылмақ.

Сондай-ақ, ойын алаңшасы, воркаут, жарықтандыру бағаналары мен орындықтар және т.б орнатылатын болады. Қазірде аумақта абаттандырумен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталған сквердің жобасын жасауға тұрғындар да атсалысқан. Қала халқы демалатын орынның жайлы да, ыңғайлы болуына азаматтарымыз өздері үлес қосып, #ХалықтықЖоба жасауда.