Түркістан қаласындағы 32 секторда қаланы дамыту жұмыстары жүргізілуде. Əр сектордың жұмыстары тиісті аудан және басқарма басшылары тарапынан жүзеге асуда.
⠀
Осындай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан сектордың бірі Кентау қаласы əкімдігіне қарасты 7-сектор, яғни «Ақ Мақта» мөлтек ауданы (Хлопзавод) аумағы. Қазірде секторда демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, субұрқақтар салынған.
⠀
Жалпы, 2019 жылдың қазанынан бері аумақта 8000 түп көшет егіліп, 5000 шаршы метрге футбол алаңы салынып, спорттық воркаут тұрғызылған. Сонымен қатар, мұндағы қолға алынған істер нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болды.
⠀
Аталған сектордың жалпы аумағы 545 га астам жерді қамтиды. Халық саны — 10 525, үй саны — 2 971 жəне де 72 көше бар.
Сонымен қатар, қала экологиясын жақсарту мақсатында аумақ тұрғындарына «Тазалық» мекемесімен келісім-шарт орнату жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде 2 273 тұрғын үй жəне кəсіпкерлік, өндірістік нысандар келісім-шартқа тұрды.