Қараша айында Шымкенттегі Бадам өзені үстінен өтетін айналма жол пайдалануға беріледі. Ал, оның бүгінгі құрылыс барысымен қала әкімі танысып қайтты.

Айта кетейік, мұндағы жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталған еді. Ол үшін бюджеттен 1 млрд. 916 млн. теңге қаралған. Енді міне екі жыл бұрын басталған айналма жолдың құрылысы аяқталуға жақын.

 

Айта кетейік, жол құрылысының жұмыстары тағы А. Асқаров, Ю, Гагарин көшелері мен Абай және Республика даңғылдарында жүргізіліп жатыр. Ондағы құрылыс үшін бюджеттен 338 млн. теңге бөлінген.

 Назерке Үкібасова