Бүгін М. Әуезов  атындағы ОҚУ АҚШ Аризона университеті делегациясын қарсы алды. Қонақтар білім ордасының жетістіктерімен және келешекке түзген жоспарларымен танысты.

Кездесу барысында екі тарап білім, ғылым және халықаралық қатынас бойынша өзара қарым-қатынасты нығайту жолдары жәйі әңгіме болды. Халықаралық талаптарға сай білім беру, мамандарды даярлау мәселесі де жан-жақты талқыланды.

Шетелдік қонақтар Академиялық ұтқырлық және Болон процессі орталығы университеттің музейімен танысты. Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жүйеге қоя білген білім ордасының мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқан оқытушылар бар сұрақтарына жауап алды.

Нью ЛИ ХОЛМАН, Аризона мемлекеттік универститінің кеңесшісі: «Біз Шымкентке келгенімізге қуаныштымыз. Есесіне, Қазақстандағы ірі университеттердің қатарындағы  ЖОО  тыныс-тіршілігімен танысқанымызға алғысымыз шексіз. Біз  тәжірибемізбен, оқу процессінде қолданылатын жаңа технологиялар, әдістермен бөлісуге дайынбыз. Аризона штаты  университеті білім сапасы жағынан әлемдегі озық білім ордаларының қатарында. Болашақта сіздердің студенттеріңіз бізде, ал біздің жастарымыз сіздердің университеттеріңізде білім алады деген үміттеміз».

Шынар Оразова