Шымкентте оқушылар санынан көш бастап тұрған Абдраш Назарбеков атындағы №87 мектепте аз қамтылған көпбалалы отбасылары- 495.
Сонымен қатар, оқулықтар да үлестірілуде. Былтырғы оқу жылында білім ошағында 4 мыңнан астам оқушы 3 ауысымда дәріс алса, биыл 2 ауысымға көшті. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 500 бала қабылданыпты .
Мектеп қабырғасында оқуға 212 ата-анадан өтініш түсіп, кезекші 14 сынып құрылып, балалар мектепте сабақ оқуда. Ал қалғандары қашықтықта дәрістерін жалғастырады. Компьютермен қамтылу жағы да ойластырылған,-дейді мектеп директоры .
Шынар Оразова