Бизнесті қорғау — басты міндет

245

Бүгінде кәсіпкерлік саласын сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау негізгі бағыттардың бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің бір бағыты — бизнесті қорғау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау. Осы орайда, бүгін Департамент пен Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп кәсіпкерлер арасында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында іс — шара өтті.

Қазіргі таңда елімізде қай сала болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізілуде. Әсіресе экономиканың қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлік саласын аталған індеттен ада ету басты назарда тұр.

Орта және шағын бизнес үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету үшін жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді жемқорлыққа мәжбүрлейтін жағдайларға өздері қарсы тұруы үшін түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.

Мирас Қарғабай, Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл  Департамент басшысының бірінші орынбасары: «Кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен енгізілген «Protecting Business and Investments» жобасының артықшылықтары көп. Департамент бизнес-құрылымдарының өкілдерімен тікелей қарым — қатынасқа және кәсіпкерлікті қорғауға ерекше мән береді. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында бизнес ортаны қалпына келтіру үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Біз қолда бар барлық ресурстарды пайдалана отырып, бизнес қауымдастыққа қатысты кез-келген қысымнан қорғау үшін қолымыздан келгеннін бәрін жасаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырамыз».

Бүгінгі таңда кез-келген салада кездесетін сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою қоғамның барлық мүшелерінің міндеті екендігін терең түйсінетін кәсіпкерлер көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Жиын барысында сөз алған Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлімі басшысы Амирова Зухра кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау басты назарда тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, әкімшілік кедергілерді төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға жан — жақты тоқталып өтті.

Бүгінгі күнге Департамент жалпы сомасы 466 млрд. теңгеден асатын 37 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Әрине көтерілген мәселе бір жиын барсымен қалып кетпейді. Алдағы уақытта  кәсіпкерлер мәселелерін талқылайтын жиындар ұдайы өткізіліп тұратын болады.

Айған Батырбекова