Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу бағытында үзбей жұмыстар атқаруда. Жуырда тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 16 қылмыскерді құрықтады. Олардың 8-і халықаралық іздеуде болған.

Бірін есірткі саудалағаны үшін Тәжікстан Республикасы іздесе, екіншісі контрабанда жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының іздеуінде болған. Ал, бір қазақстандықты Ресей полицейлері іздеп жүр екен. Ол да есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген.

Бұдан бөлек өңір шенділері хабар ошарсыз кеткен 8 азаматтың мекен жайын анықтадық дейді.

Назерке Үкібасова