Іскерлік орталықтағы отбасылық саябақ

510

Алматының іскерлік орталығында отбасылық демалысқа арналған жайлы саябақ ашылды.

Алматыға деген шынайы сүйіспеншілік пен қамқорлықтың белгісі ретінде Halyk Bank алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары үшін Halyk Square – жаңа жасыл демалыс аймағын ашты. Саябақ Halyk Bank ғимараты мен салынып жатқан балет театрының ортасында, Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан.

Саябақтың ашылуы COVID-19 пандемиясы мен қабылданған карантиндік шараларға байланысты қажетті карантиндік талаптардың сақталуымен, шектеулі адамдардың қатысуымен өтті. Ашылу салтанатына Halyk Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов пен Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қатысты.

Halyk Bank Алматының экологиялық ортасы мен ауа бассейнін жақсарту бойынша түрлі «жасыл» бастамаларды іске асыруға қатысу арқылы оның «жасыл қала» деген мәртебесін сақтауға және арттыруға мүдделі. Сондықтан банк басшылығы бұл саябақты қалаға, Алматы қонақтарына, өз қызметкерлері үшін көгалдандыруға шешім қабылдап, көңіл көтеруге арналған әдемі, жайлы орынға айналдырды. Бұл банктің Алматы экологиясына қосқан тағы бір үлесі және оның тұрғындарына арнаған сыйының бірі.

Бұл әлеуметтік сипаттағы жоба. Уақыт өте келе бұл жерде ағаштар өседі, гүлзарлар пайда болып, гүлдер гүлдеп, демалушылар Алматының осы жасыл бұрыштың сұлулығына тамсанатын болады. Қалалықтар болса, балаларымен және немерелерімен бірге осында серуендейді, жастар кездесулер ұйымдастырады, ал жұмыс істейтіндер демалып, әсем табиғаттан күш пен қуат алады.

Табиғи ерекшеліктерге байланысты көптеген өсімдіктер мен ағаштарды белгілі бір маусымда ғана отырғызуға болады. Сондықтан, қазіргі кезде оның бір бөлігі ғана көгалдандырылған, алдағы көктемде қалған бірегей өсімдіктер мен ағаштар отырғызылады, содан кейін алматылықтар Halyk саябағында жайлы демалуға толықтай мүмкіндік алады.

Қала саябағы жобасының идеясы Halyk Bank-ке тиесілі, оның негізі – тұрғындарға серуендеуге арналған ерекше аллея, жүзіммен оралған ағаш аркалар орнатылған. Сонымен қатар, мұнда корпоративті іс-шаралар мен йога сабақтарына арналған жасыл амфитеатр бар. Балалар мен ересектерге арналған ойын-сауықтыру жаттығулар алаңы да қарастарылған.

Саябақты құруда инновациялық технологиялар қолданылды, сондай-ақ экологияны жақсарту және саябаққа қосымша эстетика беру үшін қажет ландшафты дизайндағы негізгі әлемдік тенденциялар ескерілді. Мысалы, жапондық спиреясы, арша, гортензия және раушан гүлдерінің бір тұқымды массивтері отырғызылды. Қарағай, терек сияқты ағаштарды отырғызуға да ерекше назар аударылды. Өйткені, теректер көп мөлшерде оттегі бөледі және қаланың ауасын жақсы тазартатын табиғи сүзгі болып есептеледі.

Саябақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасады. Бірнеше жылдан кейін саябақ жаңа түстермен жарқырап, дизайнерлердің идеясына сәйкес түрге ие болады. Halyk Square авторлары және оны ұйымдастырушылары демалушылар жаңа саябаққа қамқорлықпен қарайды және сақтауға қолдау көрсетеді деген сенімде.