Күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын

208

Шымкентте салынып жатқан күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Аумағы 50 гектарды алып жатқан орталық жұмысымен осы сенбіде қала әкімі танысып қайтты.

Құны 6 млрд. теңгеден асатын жобаны салуды ресейлік компания жауапкершілігіне алған. Мердігерлер сөзінше құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады.

Жоспар бойынша күн қуатымен жиналатын жарық 10 мың үйге жетуі тиіс. Осылай деген мамандар станцияда жылына 38 млн. теңгенің жарығы өндірілетінін айтады. Ал, оның қуаттылығы 20 мВат екен.

Назерке Үкібасова