Мемлекеттік қызметкерлер ең адал, ең әділ және ең сыпайы болуы керек. Осылай деген еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бүгін президент жолдауының жүзеге асу барысын баяндады. Сөзінше, биыл мемлекеттік қызметтегілердің 10 пайызы қысқартылады. Ал, ендігі жылы тағы 15 пайызға азаймақ.

2020 жылы Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер 10 пайызға азаяды. Осылай деген Анар Жайылғанова бүгін президент жолдауын баяндады. Сөзінше, бұл көрсеткіш ендігі жылы одан да көбеймек. 2021 жылы Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерді 15 пайызға азайту жоспарда тұр екен. Ал, олардың командалық көшуін төраға өзінше түсіндірді.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы: «Командалық ауысуға келетін болсақ, біз оны бақылап отырмыз. Егер бір облыста әкім 7 пайыздан артық жұмыскерлермен келсе, тексерілетін болады. Олардың барлығы да арнайы тестен өтіп, жұмысқа кіріседі. Барлығы да бақылауда. Ал, егер министр өз командасымен келсе, онда ол сол жұмыскерлердің лайықты екенін дәлелдегені шығар».

Сапаны жақсартуымыз қажет деген ол онымен күресті де бастап кеттік дейді. Мәселен, күні кеше темекі тұқылын көшеге тастап, ел аузына іліккен мемлекеттік қызметкер мансабы қазір қыл үстінде тұр екен.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы: «Сыбайлас жемқорлық бір ғана басшының проблемасы емес. Ол бүтін бір жүйенің, қала берді қоғамның мәселесі. Онымен күресте ешкім шетте қалмауы керек. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер. Олар дәл осы жұмысқа кіріскенде мемлекеттік қызметкерлер ең сыпайы, ең адал, ең әділ болуы керек».

Бұдан бөлек, тамыры тереңге жайылған жемқорлық жыры да айтылмай қалмады. Жайылғанова сөзінше мемлекеттік қызметке кіріскендер барлығы ең сыпайы, ең әділ әрі ең адал болуы керек.

                                                                                       Назерке Үкібасова