Өмірзақ Шөкеев нысандарды тапсыру мерзімі аяқталуға жақын екендігін еске салды

29

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жақын арада аяқталатын нысандарды аралады.

Аймақ басшысы әкімшілік-іскерлік орталықтағы департаменттер үйінің ғимаратында болды. Мұнда жұмыстар толығымен аяқталған, тіпті жиһаздар да орнатылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы бұдан өзге «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылыс алаңында да болды. Қазіргі уақытта аумақта кешенді ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, нысанда 920 қызметкер еңбек етеді.
Сонымен қатар, Өмірзақ Естайұлы «Hampton by Hilton» заманауи қонақ үй кешені құрылысының барысын қарап шығып, Қ.А. Ясауи кесенесі, Конгресс-холл, «Ұлы дала елі» орталығы, драма театр мен «Rixos Turkestan» қонақ үйі маңындағы аумақты абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға да шолу жасады.
Бірқатар нысандарды аралап шыққан Өмірзақ Шөкеев құрылыстың сапасы туралы еске салып, бекітілген жұмыс кестесін сақтауды талап етті.