Бұл Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларына арналған жаңа компьютерлер. Жалпы оқу жылы басталғалы кей отбасында баланы қашықтықтан оқыту мәселесі пайда болған. Оның негізгісі осы техника жабдығының жетіспеушілігі. Баласын үйде отырып қалай оқытуды білмеген ата- аналар мәселесі ақыры шешімін тапты.

Айта кетейік Шымкент бойынша компьтерге 80 мың оқушы мұқтаж. Жауаптылар қажетті деген құралдарды толық таратынын айтады. Тек оны қайтаруға кей ата – аналар келіспей жатыр екен. Тіпті сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін сатқысы келгендер де бар екен.

Ал Алматы қаласындағы сайтта қайырымдылық қоры берген ноутбукты ата -аналар сатылымға шығарыпты. Мұндай жағдайдың тіркелуіне жол бермейміз деген мектеп басшылары әр компьютердің арнай коды барын айтады.

Бүгінге дейін Шымкенте 3700 компьютер жеткізілген. Енді оның барлығы көлік ретіне қарай жеткізілмек. Мемлекет әр компьтерді алу үшін 155 мың теңге бөлген екен. Жауаптылар енді қолдан комьпютер сатып алмас бұрын оны бақылаудан өткізуді сұрайды. Егер сатып алынған мүлік мемлекеттікі екені анықталса міндетті түрде қайтарылып алынады.

                                                                                             Назерке Үкібасова