Пандемия кезінде Уханьда болған шымкенттік өнерпаз

166

Пандемия пайда болған қаладағы карантин режимі. Бұл туралы Уханьға іс сапармен барған шымкенттік азамат әңгімелеп берді.

Николай Егоров аспан асты еліне өткен жылы қоныс аударған. Алғашында жұмысы сәтті басталған ол, вирус жайлаған қаладан құтылу оңай болмағанын айтады.


Шымкенттік Николай Егоров бала күнінен цирк өнеріне қызығып өскен. Жастайынан түрлі трюкті меңгерген ол алғаш рет Шымкент сахнасына шығыпты. Талантымен талайды таң қалдырған Николайды көпұзамай Қытай циркы шақыртқан. Осылайша аспан асты елінің Ухань қаласына аттанған азамат дәл карантинге тап болыпты.

Николай Егоров, цирк әртісі: «Алдымен қала ішін, кейін оның шекарасын бекіте бастады. Автобус, аэропорт барлығын жаба бастағанда бұл фантастика сияқты көрінді. Бірақ араға біраз уақыт салып мұның барлығы шынайы екенін түсіндік. Шынын айтқанда Қытайдың бұл індетпен күресу жүйесі ерекше болды. Олар індет жұқтырған адамды, онымен байланысқан адамды телефон арқылы ажыратып отырды»


Аз уақыттың ішінде Николай Қытайдың 20 қаласына барып, өнер көрсетіп үлгеріпті. Дамылсыз жұмыс күндерін сағынған ол енді карантиннің аяқталғанын күтіп жүр. Сөзінше, цирк өнері аспан асты елінде әлдеқайда дамып кеткен.

Николай Егоров, цирк әртісі: «Мен Қытайда тек қойылымдарға қатысушы болып қана қойған жоқпын. Сондай-ақ өз нөмірлерімді де көрсеттім. Ол жақта бәрі ерекше»

Цирк әртісі өзінің ең сүйікті қойылымдарын да тізбектей кетті. Сөзінше, командамен шыққан ең сәтті жоба «Өлім дөңгелегі». Бірақ, бұл нөмірдің соңында өз өмірлерінде қайталана жаздағанын жасырмайды. Уханьда тамақ пен бетперде тапшылығын көрмей тұрып кетіп қалдық деген ол, бұл індеттің тезірек кеткенін тілеп жүр.

                                                                                                Назерке Үкібасова