Қазан айында Түркістанда тағы бір ірі өндіріс орнының тұсауы кесілмек. Естеріңізде болса Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрігі өкілдерінің қатысуымен тігін фабрикасының құрылыс алаңында капсула салынған еді. Жоба көршілес орналасқан, туыс халық Өзбекстан елінің президенті Шавкат Мирзиевтің киелі шаһарға жасаған сыйлығы.
1000-нан астам азаматты жұмыспен қамти алатын өндіріс орны «Turkistan» индустриалды аймағында орын тебеді. Қызмет етуге аз қамтылған отбасынан шыққан қыз-келіншектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жұмыс ұсынбақ. Өндіріс орны айына 15 000 дана тоқыма өнімдерін шығаруға қауқарлы. Қызметке алынар барлық азаматтар арнайы көпсалалы, қолөнер колледжінен білімін шыңдап, дайын маман есебінде жұмысқа қабылданады.
Көршілес Өзбекстан елі еліміздегі басқа өңірлерге қарағанда киелі Түркістанға ежелден рухани жақындығы бар ел. Қаланың біршама бөлігі өзбек ұлтының азаматтары екені де анық. Жылдар,тіпті ғасырлар бойы бір үйдің баласындай бірлікте тұрып келген қазақ-өзбек қатынасынан қасиетті қаламыздың ұтары көп.