Синоптиктердің болжамы бойынша ауа райы бүгін Түркістан облысы аумағында және Шымкентте құбылмалы. 1-ші қазанда таулы аудандарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Түнде ауа температурасы +2-+7 градусқа дейін төмендейді.
Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РКК Түркістан облыстық филиалының өкілі: «Шымкентте бүгін жаңбыр жауады. 1-ші қазанда ауа температурасы күндіз +18-+20 градус. 2-ші қазанда сынап бағанасы 22 градус жылылықты көрсетеді».