Қазақстандық ұстаздар өздерін 1 млн. АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ұсына алады

160

Қазақстандық ұстаздар өздерін «Әлемнің үздік ұстазы» лауазымына және 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ұсына алады

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы – еліміздің ағарту саласына зор үлес қосқан ұстазға 10 000 АҚШ доллары көлемінде жыл сайын тағайындалатын марапат.

Сыйлықты тағайындаушы – «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ, ол «Әлем ұстазы» жаһандық сыйлығының ресми серіктесі болып табылады.
Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшалай сыйлық қоры 1 млн АҚШ долларын құрайтын «Әленің үздік ұстазы» жаһандық сыйлығының іріктеу турына жеңімпаздардың өтінімдері жіберіліп, 9 үздік финалшы қатысады.

Сыйлыққа педагогтың өзі, сол сияқты оның шәкірттері де өтінім бере алады. «Мұғалімнің өзі өтінім беруге қысылатын, ал оны шәкірттері сыйлыққа лайық деп санайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің сүйікті ұстазының әлемге танылуына мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Байқауға қатысу үшін педагогтарға 1 қазанға дейін www.teacherprize.kz ресми сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.

«Егер сен оқушы болсаң және өз мұғаліміңді марапатқа ұсынғың келсе, ұстазыңның үздік қасиеттері туралы видео- және фотоматериал түсіріп жібере аласың. Өз видеоролигіңді мектеп мұрағатындағы материалдармен монтаждауға болады және педагог жеңіп шыққан жағдайда ол бүкіл әлемде көрсетіледі», – деп жазылған қордың хабарламасында.

Жеңімпаз бен 9 финалшыны қараша айында білім және экологиялық мәдениет жөніндегі форум шеңберіндегі салтанатты жиында жариялайды. Сайт https://www.teacherprize.kz/ru, Инстаграм https://www.instagram.com/teacherprize.kz/

Байланыс телефондары:
Маржан Нурханова
Жоба үйлестірушісі
Teacherprize.kz@gmail.com
8 702 949 99 99