Сапасыз абаттандырылған аулалар қайта қалпына келтіріледі

196

Сапасыз абаттандырылған аулалар қайта қалпына келтіріледі. Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Азамат Парманов осылай деді. Айтуынша, нысандардың құрылысын жүргізген мердігер компанияларға 3 жылдық кепілдік мерзім берілген.

Олар осы уақыт аралығында олқылықтарды қайта қалпына келтіруі тиіс. Айта кетейік, қазір ауданда 8 аула абаттандырылуда. Оған 355 млн. теңгеден астам қаржы қаралған. Осы онымен қоса тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшасы жөнделіп жатыр.

Азамат ПАРМАНОВ, Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы: «Олардың кепілдік мерзімі бар. Біз құрылыста кеткен олқылықтардың жөнделуін қамтамассыз етеміз. Сынған, бүлінген элементтер болады әрине. Бірақ, барлығы да қайтып жасалады».

Мақпал Рысбаева