Сарыағаштық жастар жұмысқа қарқынды орналасуда

48

Сарыағаш қаласының бірден 93 жергілікті тұрғыны жұмысқа қабылданды. Жұмыссыз жүрген жастар жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек алып, істеріне көшті.

Айта кететіндігі, “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021” мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы бірқатар маңызды деген 6 жоба жүзеге асырылып, ауданның жұмыссыз азаматтары жұмыспен қамтылуда. Атап айтқанда аудан орталығынан шалғайда орналасқан Жылға ауылдық округі Жылға елді мекенінде көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша жарықтандыру бағаналары, аяқ жол, арық-науалар орнатылуда.

Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы мен Қапланбек, Жібек жолы, Құркелес және Қызылжар ауылдық округтерінен 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда іске асырылып жатқан 6 жоба шеңберінде 186 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 50 пайызы, яғни жергілікті жұмыссыз 93 тұрғын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданды.

Және де, ауданда құрылған мобильдік топ бекітілген кестеге сәйкес елді мекендерді аралап, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға елімізде іске асырылып жатқан жұмыспен қамту жол картасы жобасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.