Сенбі күні Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді

179

Коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай шаһарда тұрақты болғандықтан, қала әкімінің тапсырмасымен  Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жұмысын бастайды.

Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген карантиндік шараларға байланысты жәрмеңке алты айдай  ұйымдастырлмаған еді. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы алдағы сенбі күні болатын ауыл шаруашылығ жәрмеңкесіне дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Қайрат БАЗАРБЕКОВ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы: «12 -ші қыркүйекте 112 орамдағы  «Қажымұқан» стадионы алдындағы бұрынғы орнында болады. Келісім бойынша жәрмеңкеге қаладағы шаруашылықтар, Сайрам ауданынан, Төлебиден  шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер өнімдерін алып келеді. Барлық талаптар орындалуын қамту бойынша әрбір қатысушыға ескерту жасалды».

Шынар Оразова