Шымкент: Тұмауға қарсы вакцина қанша тұрады?

320
фото Tengrinews

Шымкентке тұмауға қарсы 129 мың вакцина жеткізілді. Осылай деген қаланың денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы өнімнің ресейлік екенін айтады.

Енді ол екпелер бүгіннен бастап бір жасқа дейінгі балаларға, созылмалы ауруы бар науқастар мен денсаулық сақтау саласының мамандарына салына бастады. Ғалымжан Әбішев сөзінше өткен жылы екпе салдырған азаматтардың ешқайсысында тұмаудың тіркелмегенін айтады.

Ғалымжан Әбішев, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы: «Біз Ресейден «Гриппол» деп аталатын вакцина алдырдық. Барлығы 129 мың дана. Алда тағы 90 мың данасын алуды көздеп отырмыз. Айта кетейік, өткен жылы вакцина салдырған азаматтардың ешқайсысы тұмау жұқтырған жоқ».

Айта кетейік, жоғарыда аталған осал топтағы азаматтарға салынады. Ал, оған кірмейтін қала тұрғындары екпені жеке клиникада қабылдай алады. Олар «Медикер» және «Доктор Орынбаев» клиникалары. Бірінді вакцина 2500-теңгеге салынса, екіншісінің құны 5000 теңге. Екпе салдыруға өз еркімен барған пацинеттерді алдымен дәрігерлер қабылдап, бақылаудан өткізеді.

                                                                                                  Назерке Үкібасова