Шымкентте балалар арасында кавасаки синдромы тіркелді

214

Шымкентте балалар арасында кавасаки синдромы тіркелді. Бұл туралы бүгін қаладағы эпидемиологиялық ақуал баяндалған брифингте айтылды.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде коронавирустың жеңіл немесе сиптомсыз түрімен ауырған балаларда 14 күн мен бір ай арасында жаңа синдром – кавасаки синдромымен ұқсас көпжүйелі қабыну синдромы тіркеліп жатыр. Осыған дейін еліміздің өзге де өңірлерінде тіркелген бұл синдром енді үшінші мегаполсике де жетті.

Забира Есенғараева, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы: «Көп тіркелген жоқ. Бірлі-жарым тіркелді. Нақты санын анықтаған соң айтатын боламыз».

Айта кетейік,қазір қала емханаларында тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл халықтың 12 пайызын қамту жоспарланып отыр. Вакцинациялау басталғалы 23 мыңнан астам адамға екпе егілген. Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ плюс» вакцинасының 129 мыңға жуық дозасы сатып алыныпты.

Мақпал Рысбаева