Шымкентте ипподром кешені бұзылады

297

Шымкент қаласындағы Тұлпар көлінің маңында заманауи тұрғын үй орамы бой көтереді. Бүгін жоба ел Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға таныстырылды. Ауданы 500 мың шаршы метртді құрайтын орамның құрылысын әйгілі құрылыс компнаиясы жүргізетін болады.

Шымкенттіктердің сүйікті орнына айналған ипподром жуырда бұзылады.Қаланың бас жоспарына сай кешен жаңа орынға көшіріледі. Ал мұнда тұрғын үй құрылысы қолға алынады. Мектеп, мешіт, емхана сияқты әлеумметтік нысандар бой көтеретін болады.

Бұрын-соңды Шымкентте мұндай сапалы баспана құрылысы қолға алынбаған дейді билік өкілдері. Кешенді жоба 30 гектардан астам аумақты қамтиды. Нысанды салу кезінде 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгін нобай ел Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға таныстырылды.

Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда тұрғын үйлер елордадағы зәулім ғимараттардың нобайымен салынады. Үй қасбеттері еуропалық панельдерден тұрғызылады. Кешен «Smart Home» ақылды үй қызметімен басқарылатын болады. Баспаналардың бағасы да нақтыланып қойған.Жобаға сәйкес мұнда демалыс орындары, спорт және балалар алаңшалары салынады. Сондай-ақ жүгіру және велосипед жолдары да жобада бар.

Ал, тұрғын үйлердің бірінші қабаттары коммерциялық үй-жайларға беріледі.

Мақпал Рысбаева