ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

25.09.2020ж. №39

Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №43), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ№47) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №47), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №48), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №49), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйегіндегі №53 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан

әрі – ҚР БМСДҚ №53), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:
2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектелсін;
2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;
2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;

2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;
2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.
3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:
3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);
3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3 ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатуын;
3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатуын;

3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелуін;
3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелуін;
3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектелуін.

Мерекелік жиынды, мерей той ісшараларды (банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа) өткізуге тыйым салуын,
3.8. ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылуын;
3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастырылуын;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, автожуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылуын;
3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастырылуын;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және бұқаралық ісшараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу ісшараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде өткізуге тыйым салынуын;
3.13. спорттық жаттығуды Ұлттық құрамадағы, қаланың құрама командалық, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және топтық жаттығуларды спорт түріне қарай бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етуін;
3.14. балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін;

3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылуын;
3.16. жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынуын;

3.17. аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынуын;
3.18. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмыстары ұйымдастырылуын;
3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;

3.20. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;
3.21. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілуін;
3.22. аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілуін;
3.23. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынуын;

3.24. мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСДҚ №43 талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысын қалыпты режимде рұқсат етілуін;
3.25. ҚР БМСДҚ №43 бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық ісшараларды өткізбей, діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.26. қалыпты режиміндегі жеткізу және шығару нысандарының жұмысын қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылуын;
3.27. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылуын, сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер) жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылуын;
3.28. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын.

Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілуін;
3.29. Облысаралық және қалааралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салынуын;
3.30. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауын;
3.31. қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылуын;
3.32. гүл сататын нысандардың қызметі қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.34. бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысын ұйымдастырылуын;
3.35. ҚР БМСДҚ №50 бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілуін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
3.36. ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылуын;

3.37. осы қаулыда көрсетілмеген нысандарының жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:
4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын.

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;
4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып заласыздандырылсын, карантин аяқталғанға дейін заласыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру ісшараларын жүргізу қамтамасыз етілсін.
5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптарын қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;
5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету);
5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң қадағалаумен қамтамасыз етілсін;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;
5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық ісшараларды жүргізу қамтамасыз етілсін.
6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;
6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу ісшараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:

7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде нысандардың қызметі қайта басталсын;
7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі көрнекті жерге орнатылсын;

7.3. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етілсін;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайты пайдалансын;

7.5. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастырылсын;
7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді енгізсін (шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және ҚР БМСДҚ №43, ҚР БМСДҚ №47, ҚР БМСДҚ №50 қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандардың қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;
7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
8. Күші жойылды деп танылсын:
8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.09.2020 жылғы №36 қаулысы;
8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.09.2020 жылғы №37 қаулысы.
8.3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.09.2020 жылғы №38 қаулысы.
9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
12. Осы қаулы 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

А.Тулебаев

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері