Түлкібас ауданында ағынды су мәселесі шешілуде

205

Түлкібас ауданының аумағында 2022 жылға дейін 13 су нысанын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. 13-тің жетеуі ағымдағы жылы жөнделіп, пайдалануға беріледі. Жалпы ұзындығы 69,1 км «Кулый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистралды каналдарын темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Ұзын»каналын қаптау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.