Тұрғын үй құрылысы бойынша Шымкент 1 млн. шаршы метрден астам алаңды игерді

149

Коронавирус індетіне  байланысты енгізілген карантиндік шараларға қарамастан,  Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Шаһардың  1 млн. шаршы метрден астам аумағында 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты үй құрылысы  жүріп жатыр. Жеке салушылардың есебінен 6 147 пәтерлі 1269 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін 911 пәтерлі 19 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделуде. Бюджет есебінен алаңы 489 000 шаршы метрді құрайтын 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үй салынуда.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Биылғы жылы 280 пәтерлі 5 арендалық, 1441 пәтерлі 77 кредиттік үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  Нәтижесінде,  5632 отбасы баспаналы болады. Шымкент бірінші рет  тұрғын үй құрылысы бойынша 1 млн. шаршы метрден астам алаңды игерді. Бұл бастама жалғасуы тиіс. Осы бағытта еңбек етуіміз  қажет».

Шынар Оразова