Өткен аптада Арал-Сырдария инспекциясының қызметкерлері кезекті заң бұзушылық фактісін анықтады.
Түркістан облысы бойынша Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының орынбасары Қ.Қожамқұлованың айтуынша, өзен арнасында құм мен қиыршықтас қоспасын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан. Оқиға орнында екі КАМАЗ, бір экскаватор және бір жүк тиегіш болған. Олардың «МСК ПГС» ЖШС мен «Алиев» жеке кәсіпкеріне тиесілі екені кейінірек белгілі болды.
Инспекция «МСК ПНС» ЖШС өкілімен байланысқа шыққан. Кәсіпорын құм мен қиыршықтас қоспасын «Алиев» ЖК-дан сатып алушысы болып табылатынын түсіндірген. Өз кезегінде «Алиев» ЖК рұқсат беретін құжаттары бар деп сендірді.
Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес су объектісінде немесе су қорғау жолағында құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге тыйым салынады.
«Біз полиция қызметкерлерін шақырдық. Бірден 10 адамнан тұратын жедел топ келді. Полиция қызметкерлері хаттама жасай бастағаны сол бірақ көлік жүргізушілері құжаттарды ұсынудан бас тартты», — деді Қ.Қожамқұлова.
Ең қызығы, арада бірнеше күн өтсе де Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Сайрам аудандық ПБ-нен қабылданған шаралар туралы ресми жауап ала алмапты. Әрине, полицейлер бұл істі қадағалауға алады деген ойдамыз. Не дегенмен Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағыты жеті негізгі қағидатқа негізделуі тиіс деп мәлімдеді. Олардың бірі — экономиканы «көгалдандыру», қоршаған ортаны қорғау.
Полиция қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамайды деген үміттеміз.