Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді.
Меморандум Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілінің аппарат секторының меңгерушісі Ирина Ким және облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаментінің басшысы Бекжан Алімқұловтың қол қоюымен бекітілді
Тараптар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды және кедергілерді айқындау, сондай-ақ кәсіпкерлікте заң үстемдігінің бұзылуын анықтау және жою бойынша шаралар қабылдау бойынша ынтымақтастықты дамытады.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ирина Ким өзара белсенді іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
«Жергілікті бизнестің басты проблемаларының бірі-түрлі әкімшілік кедергілер. Сондықтан да біз бизнесті қорғау, заңнамалық базаны жетілдіру, жергілікті атқарушы органдарға, әкімдіктерге, басқармаларға ұсыныстар енгізу бойынша үнемі жұмыс жүргізудеміз. Өзара ынтымақтастық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және олардың жұмысын айтарлықтай қысқартуға көмектеседі деп сенемін», — деп атап өтті Ким Ирина
Сонымен қатар, Палатаға кәсіпкерлерден әртүрлі өтініштер түсетінін ескере отырып, тараптар бұл құжат өздерінің ынтымақтастығын нығайтып және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге үлес қосатын диалог алаңын құруға және бірлескен күш-жігер арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді анықтайтындығына сенімді.
Өз кезегінде облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаментінің басшысы Бекжан Алімқұлов Кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қою өңірдегі бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастық орнатуға көмектесетінін атап өтті.