Құс тұмауы жеті облыста тіркелген деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. Ресми мәліметке сүйенсек, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай,Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірі қатарында Түркістан облысы де айтылған. Осы мәселеге қатысты Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысымен хабарласқан едік.
Нұрбек БАДЫРАҚОВ, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Түркістан облысында құс тұмауы анықталған, тіркелген жоқ. Қазір жергілікті әкімдік қызметкерлері ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты аймақтық ветқадағалау бақылау бөлімдері мамандарымен бірігіп, құс түмауының алдын алу шаралары жайлы халық арасында, шаруашылықтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егерде құс тұмауы анықталған жағдайда карантиндік шаралар, дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Барлық құрал- жарақтар, техника дайын, уақыт да бар».
Басқарма басшысының мәлімдеуінше бүгінде оңтүстік өңірінде 2 миллионнан астам құс басы бар. Олардың жартысы жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Әзірге АШМ 500 доза вакцина бөлінген. Ал ірі құс шаруашылықтары егу шараларын өз есебінен жүргізеді.
Қауіпті деген 3 аймақ анықталған. Олар жыл құстары мекендейтін Шардара су қоймасы, Көксарай су реттегіші мен Бәйдібек ауданындағы Шу өзені төңірегі. Мұнда құс тұмауын алдын алу шаралары қолға алынған.
Шынар Оразова