Түркістан әуежайы бағытындағы жолдың сапасын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы мамандары тексеріп шықты. Халықаралық терминалға тартылған инженерлік желілерді тексерген мамандар жол жабынынан сынама алып, оның талапқа сай екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«2019 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 2,2 млрд теңге толықтай игерілген. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 245,050 млн теңге бөлініп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына игеру жоспарлануда. Автомобиль жолы екі учаскеге бөлінген. Мердігер тарапынан нысан құрылысына 348 жұмысшы және 79 бірлік техника жұмылдырылған. Онда асфальтобетон жабынын, аяқжол, веложол салу және суару жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, көгалдандыру және жолды жарықтандыру қолға алынған»,- дейді жолға жауапты мамандар.