Түрмеден шығып, ерікті атанғандар

276

Атын атап түсін түстемеуді сұраған бұл азамат Тәжікстан тумасы. Тағдыр айдап Қазақстанға құрылыс жасауға келген. Осылайша нәпақасын тауып жүрген ол 2015 жылы кішкентай баланы зорлады деп түрмеге түсіпті.

6 жарым жылға бас бостандығынан айырылған азамат темір торда 4 жылын өткізген. Енді міне қалған екі жылын шартты түрде өтеп жүр екен.

«Отырып шыққан соң, көп нәрсені түсіндім. Бірінші, шешемнің қадірін білдім. Екінші ағайын-туысқанның қадірін білдім. Үшіншіден, кіммен-қалай сөйлесуді түсіндім. Төртіншіден өзім сияқты адамдарға қолымнан келгенше көмек беруге тырысамын. Біз енді өмірде бір рет қателестік. Көбісі айтады сотталып шыққансыздар, қорқамыз сіздерден деп. Оларға айтарым, біз де адамбыз. Өмірде бір рет сүріндік».


Осы сынды аяғын аңдамай басып, опық жеген азаматтар қазір ерікті атана бастаған. Басты себеп, сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеп, қайырымдылыққа бағыттау дейді жауаптылар. Жадыра Манапқызының сөзінше, бір кездері алаяқтық жасап, ардан аттағандар карантин кезінде жұртқа азық-түлік таратуға көмектескен.


Жадыра Манапқызы, Шымкент қалалық №2 пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары: «Түзелуіне әрине әсер етеді. Себебі жақсылық жасаған әрқашан да жақсы істерге итермелейді. Жақсылық жасаса адамның жаны ашып, қылмыстың алдын алу тәсілі деп ойлаймыз»7


Еріктілер жылында сотталғандарды да ерікті атандырған акция мұнымен бітпек емес. Осылай деген жауаптылар бостандыққа шыққасын кәсібі дөңгелеген жандардың жұртқа қаржылық көмек көрсетіп жүргенін де жеткізді.

     Назерке Үкібасова