Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб төрағасының кезекті кездесуі Түркістан облыстық экология департаментінде өтті.

Ұжыммен өткен кездесудің негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру ұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін және қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеп, пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтың қазақ қоғамына тигізер залалын жіліктеп жеткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында қатысушылардың үніне құлақ түріп, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.