Жануарларды азаптағандар абақтыға қамалуы мүмкін

146

Жуырда Парламент отырысында жануарларды қорлағандарды қатаң жауапқа тарту мәселесі талқыланып, заң жүзінде бекітіледі. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Атырау облысындағы азаматтың итке жасаған әлімжеттігі, Ақтауда итбалықты сабағандардың сорақылығы сияқты талай оқиға ел арасында қызу талқыланды. Енді мұндай тентектерді тезге салатын жаңа заң қабылданады. Егер қылмыстық және әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілсе, жануарларды азаптағандар абақтыға қамалуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластағандардың арқалайтын айыппұлы да өскен.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «Азаматтарға 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өседі, яғни екі есеге. Орта бизнес субъектілеріне 75-ке дейін. Ірі бизнес өкілдеріне 70-тен 500 АЕК көрсеткішіне дейін өседі. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың құзыры да артады».

Мақпал Рысбаева