Жетісай қауындары Латвия, Эстония және Молдова сөрелерінде

37

Жетісай аграршылары биыл 475 мың тоннадан астам жақсы өнім жинады.

Жалпы аудан бойынша биыл 12 500 гектар жерге қауын егіліп, оның 355 мың тоннасы жиналды. Сонымен қатар, 3800 гектар жерге қарбыз егіліп, 102 600 мың тонна алынды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш.
Айта кету керек, жиналған өнім тек Қазақстан аумағында ғана емес, Ресей, Латвия, Белоруссия, Молдова және Эстонияға да жеткізіледі.