Жетісай: Қоқыс алаңы күн электр станциясына айналды

192

Жетісайда жыл басында пайдалануға берілген күн электр станциясының орнында бұрын қоқыс полигоны болған. Бұл жер рекультивациядан өтіп, Жетісай қаласының төңірегінде орналасқаннан кейін экологиялық жағдайды жақсару мақсатында салынды. Және де қосымша жұмыс орындары да болады деген жоспар болған. Осылайша қоқыс алаңы қажетті өндірістік кешенге айналыпты.

«Ауданда өткен жылы жоспарланған күн электр станция жобасы биыл іске асырылып отыр. Бұл — жоба «Кади» ЖШС-інің тікелей жобасы. Мұның инсвесторлары ресейлік компания болып табылады. Ал мердігер мекеме — германиялық компания. О баста бұл жобаны неміс компаниясы жүзеге асынратын болған. 2016 жылғы келісім бойынша сол кездегі экономикалық тұрақсыздыққа байланысты неміс компаниясы біраз кідіріп қалды. Одан кейін біз 2 жыл көлемінде инвесторларды іздестірдік. Өткен жылы ресейлік компаниямен мақұлдасып, осы жобаны толыққанды іске асырылуына қол жеткіздік. Нәтижесінде бұрыңғы ескі қоқыс полигонының орналасқан жер берілді. Бұл экологиямызды тазартып қана қойма, қосымша электр қуатын жинайтын кешен»,-деді Жетісай аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.

«Бұл жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция жұмсалған. Былтыр 1 млрд 200 млн теңге қаржы қаралса, биыл 1 млрд 300 млн теңге қосымша қаралып отыр. Бұл станцияда сағатына 4/8 мбт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Бұл максимальды жобалық қуат болып есептеледі. 4/8 мбт Жетісай қаласының қажеттілігіне жауап бере алады. Жетісай қаласының жаздық қуаттылығы 5 мбт болып табылатын болса, күн электр станциясын толық пайдалануға болады. Жетісай қаласының сұранысын қамтуға мүмкіндігі зор», — дейді мамандар.

«Бұл жобаның ерекшелігі бұрын-соңды Орта Азия мен Қазақстанда қолданылмаған жабдықтар бар. Замануи технологиялар геотэктр (үн энергиясын жинайтын панель) деген қондырғылар арқылы күн қуаттылығын 30 пайызға дейін тиімді пайдалануға қол жеткізіп отыр. Яғни, геотэктр деген қондырғы күн сәулесінің ауытқуына қарап, күннің траекториясымен жүреді. Мұндай құрылғы біздің аудандағы географиялық климаттық жағдайымызға осы қондырғылар сай болып, тиімді болып отыр. Бұл кәсіпорында бүгінгі таңда 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы Жетісайда электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Біріншіден: ол қымбат, өйткені біз оны импорттаймыз. Бір бөлігін Шардарадан алсақ, бір бөлігін Өзбекстан Республикасынан аламыз. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін міне осындай станцияның тағы да бірнешеуін салуға болады. Бұдан бөлек жел қуаттылығын да пайдалануымызға болады. Және жер асты жылуларды да пайлануымызға болады. Осындай баламалы энергия көздерін дамытып, біз түпкілікті ауданның мәселесін алдын алуды көздеп отырмыз»,-деді Жетісай аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев .

Бүгінгі таңда Жетісай ауданы қыстық мезгілде 30 мбт электр энергиясын пайдаланатын болса, одан бөлек ауданда машиналық суару каналы бар. Ол машинаэлектра каналын суарудың өзі 35 мбт электр қуаттылығын пайдалана алады. Сондықтан шетелдік инвесторлармен сөйлесіп, сол машканалдың қасынан автономдық электр станциясын салуды межелеп, келіссөздер жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін қажетті жер көлемін бөліп, қажетті инфрақұрылымды дамыту үшін тиіс жұмыстар атқарылмақ. Айта кетерлігі, 10 гектардан аса жерге құрылған панельдер 37 қатардан тұрады. 21 кпчк қондырғысы орналасқан. Жазда күн сайын сағатына 3500-4000-ға дейін қуат алуға қауқарлы. Яғни, тәулік ішінде 35-40 мбт-қа дейін энергия тартылады. Бұл жерден алынған энергия көздері бүкіл Жетісайды жарықпен қамтамасыз етпесе де, қосымша қоржында тұрады. Кешкі уақыттарда халық жарықты көп пайдаланатын кезде қосымша көмекке келеді.