Шымкентте жыл соңына дейін 4 шағынауданға су құбыры жүргізіледі

198

 

Жыл соңына дейін Шымкентте 4 шағынауданға су құбыры жүргізіледі. Көмешбұлақ елдімекенінен тартылып жатқан жүйе 9 шақырымды құрайды. Бүгін бұл жұмыстар БАҚ өкілдеріне таныстырылды.

Магистральді су құбырынанан қандай елдімекендер су іше алады? Қалалықтарды кәріз жүйелерімен қамту жұмыстары қалай жүргізілуде?

Құрылыс жұмыстары былтырғы жылы басталған магистральді су құбыры жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Жүйеден 4 шағынаудан — Тұран, Асар, Асар1, Асар-2 тұрғындары ауызсуын ажыратады. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Нұрғали ҚОСМҰРАТОВ, Шымкент қаласы «»Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ның директоры: «Карантин кезінде ешқандай қиындық туған жоқ. Жұмысшылар жеткілікті болды, матариалдардан тапшылық көрген жоқпыз. Нысанды уақтысында тапсырамыз».

Ал бұл асарлықтардың бас ауруы — кәріз түйіткілін шешуге көмектескен жоба. 300-ден астам тұрғын үйі бар шағынауданда канализациялық желілер жиі тұйықталып, жергілікті халықты әбігерге салатын. Салаға жауаптылар қысымдық коллекторды өз ағысымен бұру әдісін іске қосты. Бұл жұмыстарға 600 мың теңгеден асқан қаражат жұмсалған. Кеткен шығын 11 айда ақталады деп мақтанды жауаптылар.

Алайда, инвестициялық жоба аясында атқарылған жұмыстардың шарапатын әлі күнге көре алмай отырған тұрғындар да бар екен. Шымкенттегі су құбырлары мен канализацияларды жаңалау үшін 5 жылға 3,5 млрд. теңгенің инвестициялық бағдарламасы бекітіліпті.

Биыл 220 млн. теңгенің жұмысы атқарылған. Бұл жұмыстар халықты сапалы әрі үздіксіз тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Онымен қоса модернизациялық шаралар басы артық су шығындары мен апатты жағдайларды азайтады дейді салаға жауаптылар.

Мақпал Рысбаева