Соңғы бір айда Қазақстанға шетелден келген 39 жолаушыдан коронавирус анықталған. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мәлімдеді.

Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша тағы 31 жолаушы әуежайдан кері қайтарылған. Себебі олардың қолдарында ПТР тест анықтамасы болмаған. Олар Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Ұлыбритания және Германия азаматтары.

Айта кетейік, 6 қазаннан бастап елімізде ПТР тестсіз келген шетелдіктерді кіргізбеу туралы қаулы қабылданған еді. Жалпы осы айдың басынан Қазақстанға ұшақпен 44 834 жолаушы келген.

                                                                                                    Назерке Үкібасова