5G Шымкентке қашан келеді?

117

2022 жылға дейін республикалық деңгейдегі қалаларда 5G интернеті орнатылады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді.

Бағдат Мусин сөзінше жоғары деңгейдегі интернет бір сәтте іске қосылмайды. «Барлығы біртіндеп жүзеге асады» деген еліміздің ең жас министрі кей ауылдардың әлі күнге дейін ғаламторға қол жеткізе алмай отырғанын айтады.

Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: «Талшықты-оптикалық байланыс желісі – ТОБЖ – газбен немесе сумен қамтамасыз еткенмен бірдей. Біз интернетті ауылға – мектептерге, ауруханаларға және әкімдіктерге жеткіземіз. Әр үйге тарту – бұл «мобильді интернет» жобасы. 928 ауылдық және шалғайдағы елді мекендерде 601 мыңнан астам адамды қамтитыны антенна-мачталық құрылғылар, базалық станциялар орнатылды».

Бүгінде Қазақстан бойынша 6459 елді-мекен болса, соның 1708-і осы уақытқа дейін интернетке қол жеткізе алмай отыр. Жоспар бойынша биыл 1000-ға жуық ауылға ғаламтор жеткізілуі керек.

Назерке Үкібасова