Абай ауданында 25 елдімекен мемлекеттік электр жарығымен қамтылған

154
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов

Абай ауданында  24 елді мекен мемлекеттік электр жарығымен қамтылса, ағымдағы жылдың басында тағы Самал-3 шағын ауданы электр жарығымен қамтамасыз етіліп, 25 елді мекен мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.

Қалған 9 елді мекен жекеменшік электр трансформаторлары арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Жалпы 2020 жылы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарына 342,3 млн. теңге қаралған, оның ішінде;

1 елді мекенің құрылыс жұмыстарына — 224 млн. теңге, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, 615 тұрғын электр жарығымен қамтылады,
7 елді мекеннің ЖСҚ-н дайындауға — 118,3 млн. теңге. (ЖСҚ дайын жалпы жоба құны 6 866,1 млн. теңгені құрап отыр),
1 елді мекенді электр жүйесімен қамтамасыз ету бойынша қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.

Шынар Оразова