Қазақстанда азық-түлік бағасы дәл төтенше жағдай енгізілгенде қымбаттаған. Бұл туралы бүгін еліміздің сауда және интеграция министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Ерлан Ешназаров сөзінше елге қымбатшылықтың наурызда келуі қалыпты жағдай. Осылай деген жауаптылар бағаның қазір қалыпқа түскенін айтады. Және оны өзгеріссіз қалдыруды көздеп отыр. Ол үшін ведомства өкілдері арнайы шара қолданбақ.
Ерлан ЕШНАЗАРОВ, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары: «Қазіргі таңда бағаны ұстауға, тұрақтандыруға бірнеше шаралар бар. Айналым схемасы, тұрақтандыру қорлары және бағаны 15 проценттен жоғары қоймау. Осыларды қолдану арқасында мамыр айынан бастап, қыркүйек соңына дейін бағалар тұрақтанды».
Айта кетейік, қазіргі таңда ел қоймасында 900 тонна қант сақтаулы тұр. Бұдан бөлек, нан бағасын аспандатпау үшін өндірушілерге 600 млн. теңге несие беріліпті. Сондай-ақ, Қазақстанда көтерме тағы 3 сауда орталығы ашылмақ. Құны 15 трлн. теңгені құрайтын орталық 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Назерке Үкібасова