Шымкентте әзірге эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қалада өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен 2 науқас, ал ковид-19 белгілері бар пневмониямен 11 науқас анықталған. Бұл туралы бүгін қаладағы аурушаңдың жағдайы талқыланған жиында айтылды.
Десе де ақ халаттылар пандемияның ықтимал келесі толқынына қызу дайындалуда. Бүгінде қалада 1 мыңнан аса төсек орын жасақталған. Сондай-ақ, дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан балалар арасында кездесетін ушығуы мүмкін кавасаки ауруын алдын алуда да тиісті дайындықтар жүргізіп отырмыз дейді.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Шымкентте бірде -бір кавасаки ауруы тіркелген жоқ. Соған қарамастан біз қауіптің барын ескеріп, тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Балалар дәрігерлерінің дайындығына да аса көңіл бөліп отырмыз».
Мақпал Рысбаева