Түркістан облысындағы Covid-19 инфекциясы анықталатын зертханаларда қосымша жаңа BIO-rad аппараты іске қосылды. Әрқайсысында сынама алу қауқарлығы 500-ге жетті. Осылайша облыс аумағындағы барлық зертханада тәулігіне 5000 сынама алу мүмкіндігі туып отыр.
Өңірде бүгінде 10 зертхана жұмыс істейді. Бір апта ішінде аймақта коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген. Өткен тәулікте тіркелген науқастан қауіпті дерт Ресей шекарасынан Қазақстанға өткен кезде анықталыпты. Жұмыс сапарымен көрші елге барған азаматтың қазіргі жағдайы тұрақты дейді мамандар.
Айта кетейік, облыста пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырған 3409 жағдай тіркелген. 3349 нақас аурудан айыққан.
Мақпал Рысбаева