«Екі есе төлеме!» Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталғыннан қызметті «делдалсыз» алу акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – тиын тебеніне шапқылайтын көмекшілерге алданып қалмай, мамандардың қызметіне жүгіну, қала берді үйден шықпай онлайн қызмет алуға машықтану.

 Жасыратыны жоқ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында барып кел, шауып келдер біраздан бері бас ауруға айналған. Әсіресе, карантин кезінде эдектронды брондауда бақтары жанып, көп күттірмей тірлігіңіз белгілі бір сомаға бітіріп береді. Бүгінгі шара жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді көбейген көмекшілер яғни, жалпақ тілмен айтқандағы «помогайкаларды» ауыздықтауға арналған. Оларға қарсы жауапты мамандар учаскелік полицейлермен бірігіп, арнайы рейдтер ұйымдастырып тұрады. Соның салдарынан, шабарман көмекшілердің саны азайғанын жеткізді.

Данабек ИСАБЕКОВ Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ филиалының директоры: «Сырттан адамдар ұстап алады. Өзіне 5-6 ИИн мен брондап алатын. Басында екі ай бұрын болған жағдай. Қазір ондай жоқ. Біз келген тұтынушыны бронсызда, бронмен қабылдаймыз. Себебі, сырттағы адамдарға жолықпау үшін. Енді мен айта алмаймын. Бәрін жойып тастадық деп ғимарат ішінде жоқ, сырттағы делдалдарға жуап бере алмаймын».

Ал, осы халыққа қызмет көрсету орталығынмен қоян қолтық жұмыс істейтін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент өкілдерінің айтуынша, компьютерді пайдалануға мүмкіндігі жоқ азаматтар, егов аймақтарынан алуға мүмкіндіктері бар. Яғни, қазіргі таңда қызметтердің 80 пайызы электорнды жүйеге ауыстырылған.

Әли КӨМЕКБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «Өз-өзімізді мақтау бергеннен пайда жоқ. Ал кемшілік делдалдар. Оған сәйкес жұмыс жүріп жатыр. Алдында осы ғимаратта түрлі уәкілетті орган өкілдері отыратын болған. Қазір олар жоқ. Яғни келген адам бір жерден қайтады. Жеңілдегені сол».

Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында күніне 200-ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, 600-ден астам көлік құралы тіреуден өтеді. Сонымен қатар, орталық мамандары, департамент өкілдері және қоғам белсенділеріне арнайы автодромның жұмыс істеу процесінде көрсетті.

Ғалымжан Кенжебек